Атырау: Полицияға жауап алуға шақыртылған жігіт із-түссіз жоғалып кетті

Атырауда жауап алуға шықрылған жігіт полиция ғимаратынан шыққаннан кейін жоғалып кетті. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ол тергеу шарасы жүргізілген ғимараттан шыққан.

1 желтоқсанда 21 жастағы жігіт қалалық полиция басқармасына жауап алуға шақырылды, ғимараттан шыққаннан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Порталдың мәліметінше, жігіт ғимараттың дәлізінде біраз уақыт отырған, содан кейін көшеге шығып, содан бері байланысқа шықпаған. Оның не үшін шақырылғаны белгісіз.

Анасының айтуынша, ол соңғы рет 30 қараша күні кешкі сағат жетілерде сөйлескен, кейін телефоны өшірілген.

Полиция қызметкерлері жігітті іздестіріп жатыр.

Добавить комментарий