Алматыда техникалық қадағалау мамандары 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыда Әйгерім-1,2 шағын аудандарының сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу кезінде техникалық қадағалауды, сондай-ақ «Хан-Теңіз» тұрғын үй кешеніне арналған су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңартуды жүзеге асыратын мамандардың соты өтті

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматылық прокурорлар Әйгерім-1,2шағын аудандарының сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысын, сондай-ақ «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешеніне арналған суқұбыр желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстарын зерттеді. Бұл жұмыстарды Энергетика басқармасының тапсырысы бойынша «К.» ЖШС мен «Ж.» ЖШС 2018 жылдың қаңтар айында 760 млн. теңгеге орындауға тиіс болатын. Сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын бақылау техникалық қадағалау мамандары аз. А мен аз. А-ға жүктелген. Прокурорлар қажетті өлшеулерді жүргізе отырып, құны 225,5 млн.теңге тұратын жұмыстар орындалмағанын, ақшаның ұрланғанын, ал нысандардың жұмыс істемейтінін анықтады», — делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.

Атап айтқанда, қарастырылған екі резервуардың орнына біреуі салынған, учаскенің аумағы абаттандырылмаған, арнайы сорғылар болмаған. Осыған қарамастан нысандар пайдалануға беріліп, шарт бойынша ақшалай қаражат толық көлемде төленген

«Бұл техникалық қадағалау мамандарының көмегімен жүзеге асқан. Нәтижесінде 10 адам, соның ішінде аталған мамандар, құрылыс компанияларының басшылары және Энергетика басқармасының бірқатар лауазымды тұлғалары сотқа тартылды», — делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 225,5 млн.теңгені құрады

Прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны тергеумен Алматы қаласының арнайы прокурорлары айналысты

«Сот үкімімен техникалық қадағалаудың 2 өкілі және қылмысқа қатысы бар жоғарыда аталған 8 адам 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот процесі барысында сотталушылар мемлекет кірісіне 93,4 млн. теңге төледі, залалдың қалған сомасы үкімді орындау аясында өндіріп алуға жатады», — деп атап өтті прокуратурада.

Добавить комментарий