Атырау облысында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті. Вагондар аударылмады.
Оқиғаның егжей-тегжейі: 18 қазан күні сағат 11:15-те Мақат ауданы Доссор стансасында «DOSSOR PROCESSING COMPANY» ЖШС-не тиесілі «Мақат-Доссор» бағытындағы № 0133 жүк пойызының тепловоз басынан тоғыз вагонның үш вагоны рельстен шығып кеткен.
Тоғыз вагонның барлығына да қиыршық тас тиелген.
«Бұл оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер де жоқ», — деп хабарлады Мақат аудандық әкімдігі.