Атырау облысында суға батқан әкімнің денесі табылды

Құтқарушылар суға кеткен Махамбет ауданы әкімінің денесін тапты. Мәйітті іздестіру тобы кешке, Сарайшық ауылы маңындағы Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің денесін тапты. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары аталған факті бойынша тексеру жүргізуде.

Ринат Жанқылышов 2021 жылдың ақпан айында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол әріптестеріне өз ісінің кәсіби маманы ретінде есте қалды.

«Атырау облысының әкімі мен барлық әріптестері Ринат Бауыржанұлының мерзімінен бұрын қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайңыра көңіл айтты», — деп Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 31 шілдеде орын алды.

Добавить комментарий