Нұр-Сұлтанда сауда ойын орталығында қыздың денесі табылды

Елордалық сауда-ойын-сауық орталығында қыздың денесі табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«22 қараша күні сағат 21:31-де «102» пультіне жедел жәрдем бригадасынан Mega Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында 28 жастағы қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті», — деп хабарлайды сейсенбі күні полиция қызметкерлері ҚазТАГ агенттігіне.

«Есіл» ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Бірқатар сараптамалар тағайындалды», — деп атап өтті ПД.

Добавить комментарий