Ата-аналар балалар олимпиадасының нәтижеcін жоюды талап етті

Шымкентте 9-11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Алайда бірінші турдан кейін балалар астан, уланып ауруханаға түсті.

Қостанайлық тоғызыншы сынып оқушысының әкесі Дмитрий Әуезов атындағы жатақханада кешкі астан кейін балалар құсып, іштері өткен, сонымен қатар дене қызуы көтерілгенін айтты. Астан уланған көптеген балалар ауруханаға жеькізілді, олардың біразы жансақтау бөліміне жатқызылды.

Олимпиаданы ұйымдастырушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері ауруханаға келіп, балаларға жарыстың екінші кезеңіне келуді ұсынды, бірақ оқушылардың көпшілігі ауыр жағдайда болғандықтан, олар қатыса алмады. Осыған қарамастан, ұйымдастырушылар Олимпиаданы тоқтатпады.

Балалар 25 наурызға дейін емделеді, содан кейін олар үйлеріне қайтады. Қатысушылардың ата-аналары Олимпиада нәтижелерін жоюды және балаларға жазылғаннан кейін қайта қатысуға мүмкіндік беруді талап етті. Олар ҚР БҒМ-ге, Бас прокуратураға және ҚР Президенті Әкімшілігіне тиісті хаттар жолдамақ.

Добавить комментарий