Тез қартайғыңыз келмесе, бұл сусынды ішпеңіз: америкалық ғалымдардың кеңесі

Американдық ғалымдар сенсациялық жаңалық жасады. Бәріміз сүйіп ішетін сусынның бір түрі ерте қартайтады екен.

Сан-Францискодағы Калифорния университетінде жүргізілген зерттеу газдалған тәтті сусындар мен жасуша деңгейіндегі мерзімінен ерте қартаюдың арасындағы байланысты анықтады, деп жазады АҚШ Қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығының журналы.

Сарапшылар 1999-2002 жылдары Ұлттық денсаулық пен тамақтану зерттеуі шеңберінде алынған 20-65 жастағы 5309 адамның жағдайы туралы деректерді талдады.

Газдалған сусынды жиі ішетін адамдарда созылмалы аурулардың даму қаупін арттыруға және өмір сүру ұзақтығын қысқартуға байланысты ДНҚ учаскесі — теломерлері қысқа екені анықталды. Сонымен бірге жаңа сығылған шырынды үнемі ішетіндердің жүргендердің теломерлері ұзын.

Адамды аурушаң қылып, өмірін қысқартады. Сондықтан Қытайда газдалған сусын ішпейді

Зерттеу авторларының бірі, психиатрия профессоры Элисса Эпель түсіндіріп өткендей, тәтті газдалған сусындар аурудың пайда болу қаупін арттырып қана қоймай, өмір сүру ұзақтығын қысқартады. Маман бұл байланыс алғаш рет анықталғанын атап өтті.

«Бұл ереже адамның жасына, нәсіліне, табысына және білім деңгейіне қарамайды. Теломерлер ауру пайда болардан бұрын қысқара бастайды», — деді ол.

Ғалымның айтуынша, зерттеуге тек ересектер қатысқанымен, оның нәтижелерін балаларға да қатысты.

Добавить комментарий