Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 75 жылдығына орай Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның 75 жылдығына орай БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдағаны белгілі.

«Бүгінде барлық ұлттар өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адамдар, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды», — делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігеріне толық қолдау білдірді.

«Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңында Қазақстан Президенті Антонио Гутерришке және БҰҰ-ның барлық қызметкерлеріне олардың барлық игі бастамаларында табыс тіледі.

Добавить комментарий