ҚР ең перспективалы басқарушыларының жыл сайынғы рейтингі: Назарбаевтың немересі бәрінен озды

Yedilov Online телеграм-арнасының сауалнамасы бойынша Қазақстанның ең жас және перспективалы басқарушыларының жыл сайынғы рейтингі жарияланды. 50 адамнан тұратын тізімді ҚР тұңғыш президентінің үлкен немересі Нұрәлі Әлиев басқарып тұр, деп хабарлайды, ол «Capital Holding» инвестициялық холдингінің басшысы ретінде көш бастап тұр. Ол қазір 34 жаста.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы рейтингте Әлиев бесінші орынды иеленген еді. Бірінші орында Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш болған.

Биыл Қазақстанның ең жас және болашағы зор басқарушылар қатарында Елбасының қызы Әлия Назарбаеваның жұбайы, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов (37 жас) екінші орында тұр.

Үшінші орында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (37 жас), төртінші орында — ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Әлия Рақышева (39 жас), бесінші орында — IT-компаниясының бас директоры Бағдад Мусин (36 жас).

Добавить комментарий