Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Таяу Шығыста әділдік қағидатын орнатуға шақырады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайға қатысты өз ұстанымын білдірді. Ол халықаралық қатынастарда әділдік қағидатын орнатудың маңыздылығын атап өтіп, халықаралық өзекті проблемаларды шешу үшін лаңкестік әдістерді қолдануды құптамайтынын айтты. Қазақстан қалықаралық қоғамдастықтың барлық мүшесінің заңды және егемендік құқығын ескере отырып, оны демократияландыруды жақтайды.. Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қазіргі тоқырау жағдайында әмбебап ұйымның өкілдік аясы анағұрлым кең органы саналатын БҰҰ Бас Ассамблеясының рөлін күшейтуге мүмкіндік бар әрі қажет деп есептейді.

 

Добавить комментарий