Нидерланд премьер-министрі Ресейдің ядролық қаруды пайдалануға батылы жетпейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы Марк Рютте украиналық басылымға берген сұхбатында айтты.
«Ресей ядролық қаруды қолданса, онда АҚШ қарымта жауап ретінде соққы жасайтынын және бұл жауап әлдеқайда қуатты болатынын түсінеді деп ойлаймын. АҚШ Ресейден қуатты болғандықтан, мұндай қауіпке бара алмайды», — деді Рютте.
Рютте Украина соғыстағы жеңіп шыққанын қалайтынын, бірақ тактиканы таңдау, неден бастау керектігін, не істеу керектігін Киевтің қолында екенін айтты.
«Біз оны Украина үшін шеше алмаймыз. Сіздер жеңіске жетулеріңіз керек, ал біз сіздерге көмектескіміз келеді, сондықтан да біз ауқымды әскери қолдау көрсете отырып, көмектесіп жатырмыз. Бірақ Қырымға қатысты шешімді мен қабылдамаймын. Бұл Украина үкіметінің мәселесі. Мәселен, Нидерландыда осындай жағдай орын алса және басқа біреулер Фрисландияны (Нидерландының солтүстігіндегі провинция. — ред.) қайтару керектігін айтатын болса мені ашуландыратын еді», — деді ол.