Ашық көздерден AstraZeneca вакцинасының атауы өзгертілгені белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік. Препаратты жеткізу көптеген елдерде тоқтатылды.
Швецияның Медициналық өнімдер агенттігінің сайты хабарлағандай, вакцинаның жаңа атауы Vaxzevria.
Реттеуші атауды өзгерткенімен препараттың басқа құрамы сол күйінде қалатынын атап өтті. Бұл ретте өнімнің маркасы мен қаптамасы өзгеше болуы мүмкін.
Осы екпені қолдануды тоқтатқан соңғы ел Канада. Онда 55 жастан асқан адамдарға вакцина егілмейтін болды. Канадалық мамандардың айтуынша, AstraZeneca препаратымен егілген 100 мың адамның біреуінде тромбоз пайда болуы мүмкін. Бұған дейін мұндай әсер миллион жағдайдың ішінде біреуінде байқалған деп есептелетін.
Еуропаның бірқатар елі екпе салдырған науқастарда тромбоз анықталғаннан кейін AstraZeneca-мен вакциналауды тоқтатты немесе мүлдем тыйым салды. Бұл ретте препаратты әзірлеген компания оның қауіпсіз деп отыр. Компанияның хабарлауынша, вакцинациядан кейін 17 миллионнан астам адамның денсаулық жағдайын зерттегеннен кейін өкпе артериясы эмболиясының, терең тамыр тромбозының немесе тромбоцитопения пайда болу қаупінің жоғарыламағанын көрсетті.