Қазақстан елордасы Астана қаласында аттракциондары бар кезекті саябақ ашылды. Саябақ Қорғалжын тас жолындағы Ailand отбасылық демалыс орталығының маңында орналасқан. Саябақта карусель, неше түрлі машиналар арқылы көңіл көтеруге болады, сонымен қатар балалардың сумен ойнауына да мүмкіндік қарастырылған. Аттракциондардың жанында демалуға және тамақтануға арналған көлеңкелі орындықтары бар жасыл аймақ орналасқан. Саябақ үш жастан асқан балаларға арналған. Салтанатты ашылғаннан кейін жұмысына бірден кірісті. Жаз мезгілі аяқталғанға дейін күн сайын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Барша елорда тұрғындарын Астананың жаңа аттракциондар паркінде көңіл көтеріп, ойнауға шақырамыз.