40 жыл үзіліс: АВВА тобы жаңа альбом шығарды

4 қарашадан 5 қарашаға қараған түні АВВА тобы қырық жылғы үзілістен кейін, стриминг-платформада жаңа альбомын жариялады.

Аңызға айналған топ шығарған альбомның аты — «Voyage». 1981 жылы музыканттар The «Visitors» альбомын шығарғаннан кейінгі алғашқы пластинка, деп жазады TJournal.

Жаңа жинаққа он ән кірді — екеуі (I Still Have Faith In You және Donunt Shut Me Down) 2 қыркүйекте жаңа пластинканың жарнамасымен бірге жарияланған.

Сондай-ақ, музыканттар Лондонда өз аренасын ашады, онда ABBA тобы бірнеше концерт өткізеді. Бірақ сахнаға өздері емес, «авватарлар» деп аталатын «жас» голограммалары шығады, — оларды «Жұлдыздар соғысының» режиссері Джордж Лукас жасаған.

Шведтік музыкалық тобы 1970-ші жылдары құрылған, 1982 жылы музыканттар өнер көрсетуді тоқтатты. Музыканттар Dancing Queen, The Winner Takes It All, Happy New Year және Mamma Mia сияқты хиттермен танымал болған.

Добавить комментарий