Елордалық сот ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш қызметкерін қамауға алуға санкция берді. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер Е.И. Аманов, Х.С. Абдуғали, К.Б. Сартаевқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», — делінген хабарламада. Сотта сондай-ақ тұтқындалғандардың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері екенін растады, алайда істің басқа да егжей-тегжейлерін жария етпеді. «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды», — деп толықтырды елордалық соттың баспасөз қызметі. Еcrе сала кетейік, өткен аптада ҰҚК басшысы Ермек Сағымбаев Тоқаевпен кездесіп, оған комитеттің 2022 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы айтып берді.