Ресейде мемлекеттік сатып алулардағы пара көлемі триллион рубльден асты


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-49102-1677498356-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Сауалнамаға қатысқандардың 37%-ы тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің бірегейлігі немесе инновациялылығы емес, мемлекеттік тапсырыс алу үшін сөз байласуды басты фактор деп атады. Үш компанияның екеуі тапсырыс берушінің өкілдеріне заңсыз сыйақы бергенін мәлімдеді, 28%-ы жауап беруге қиналды немесе жауап беруден бас тартты. Пара мөлшері мемлекеттік келісімшарт құнының 3%-65% деп аталды. Көбінесе 3, 5, 10, 15 және 20% нұсқалары жиі айтылды. Тек 14%-ы ғана пара бермегенін айтты.

Бұған дейін Ресей үкіметі жанындағы Талдау орталығы мемлекеттік тапсырыс берушілер мен ірі жеткізушілер арасындағы сөз байласуды анықтаған болатын. Сарапшылардың айтуынша, ведомстволар мердігерлермен ауыз жаласып мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жасасқан келісімшарттарды бұзады. Бұл бюджетті өсіріп, қолдынлмаған қаражатт басқа сатып алуларға жұмсау үшін жасалады.

ЭЖМ ҰЗУ мемлекеттік және муниципалдық басқару институты мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеді. Сарапшылар жеткізушілердің үштен екісінен астамы (71%) конкурстық рәсімдерден өту кезінде сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келгенін анықтады. Олардың есебі бойынша, мемлекеттік келісімшартқа үміткер компанияға пара көлемі соманың 22,5%-ын құрайды. Мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық нарығының көлемі 6,6 трлн рубльді немесе елдің жылдық бюджетінің үштен бірін құрайды, деп хабарлады РБК.

Есеп палатасы бұл саланы жүйелі түрде талдап отырады: жақында аудиторлар бәсекеге қабілетсіз сатып алулардың үлесін (бір жеткізушіден жүзеге асырылады) шамамен 75%-ға бағалады. Есеп палатасының сауалнамасына қатысқан нарық қатысушылары тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы бейресми байланысты саланың басты проблемасы деп атады.

Параның мөлшері сатып алу көлемі бойынша түрлі салалар, өңірлер және статистика өкілдерінің жауаптары негізінде есептелді. ЭЖМ Мемлекеттік және муниципалдық басқару институты директорының орынбасары Константин Головщинскийдің айтуынша, респонденттер 2300-ге жуық мысалды келтіріп, орташа қайтарым көлемін (нөлдікті қоса алғанда) атаған. Сарапшылар бейресми төлемдердің орташа пайызын атады — келісімшарт сомасының 22,5%.

Мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық төлемдерінің жиынтық көлемі 6,6 трлн теңгеге жетті. Салыстыратын болсақ, бұл бүкіл Ресей бюджетінің кіріс бөлігінің үштен біріне тең. Жемқорлық пен мемлекеттік келісімшарттар тығыз байланыста болғаны соншалық, бұған мемлекеттік тендерге қатысқысы келетін компаниялардың басым көпшілігі тап болады.

«Ресей гвардиясы бұрын ішкі әскер құрамында болған, ол кезде олар ІІМ тылының ішкі жүйесіне кірген, сондықтан Ресей гвардиясына ІІМ ақша бөлген. Біз Ресей гвардиясының бұл тізімге енгенін, ал ІІМ-нің енбегенін көріп отырмыз. Бірақ, көбінесе, олардың атқаратын міндеттері бірдей. Ресей гвардиясы мен ІІМ-ге жеткізетін азық-түліктер бірдей. Ет консерві де бірдей. «Ресей гвардиясы қалайша бұл тізімге еніп, ал ІІМ енбей қалды?» деген сұрақ туындап отыр.

Сатып алу туралы ақпарат жабық режимге көшкенде, ол мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша МҚТ АСЖ порталында жүзеге асырылады, — деп нақтылады Доброштан. «Бұл құпия алаң емес, бірақ әркімге кіруге рұқсат жоқ», — деп атап өтті ол. МҚТ АСЖ-да сатып алуға қатысқысы келетіндер сайтта тіркеледі, сондай-ақ жария етпеу туралы келісімге қол қояды. Алайда сауда-саттық жабық каналдар бойынша өткізіледі. Аукцион нәтижелерi мен жасалған келiсiм-шарттаррды тек тапсырыс берушi мен сауда-саттық жеңгендер ғана көре алады.

Ресей гвардиясы 2022 жылы «тәсілді бір жүйеге келтіру» мақсатында өз сатып алуларын құпияландыруды ұсынды — бұл ведомствоның «мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған мемлекеттік әскери ұйым» екендігімен түсіндірілді. Сонымен қатар, ФКҚ өз тендерлерін құпияландыру үшін «мемлекеттік күзет объектілеріне қатысты қауіптердің, оның ішінде террористік сипаттағы қатерлердің артқанын» алға тартып отыр.

Ресей Үкіметі Ресей гвардиясы мен Федералдық күзет қызметінің (ФКҚ) мемлекеттік сатып алулары туралы ақпаратты бұғаттады. Бұл министрлер кабинетінің 30 қазандағы өкімінде айтылған. «Мемлекеттік сатып алуларды азаматтық бақылау» басылымының бас редакторы Дмитрий Доброштан үкімет неліктен мұндай шешім қабылдағанын және оның қандай салдары қандай болатынын түсіндірді.

«Бәрі ашық әрі әділ болса, онда күдік болмайды, бәрі ап-айқын көрінеді. Бірақ, әдетте, жабық режимдер пайда болғанда, біздің ойымызша, белгілі бір жемқорлық көоініс табады, өйткені азаматтық қоғам тарапынан бақылау болмайды», — деді Доброштан.

Добавить комментарий