Астана тұрғындары травматологтар мен ортопедтердің тегін консультация ала алады

Астана, 15 қыркүйек: Қазақстан елордасының тұрғындары мен қонақтары академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында өтетін Ашық есік күнінде травматология және ортопедия саласындағы жетекші мамандарынан консультация ала алады.

15 қыркүйекте өтетін шарада 16 жастан асқан елорда тұрғындары Қазақстандағы үздік мамандардан кәсіби консультация мен ұсыныстар ала алады:

Байдалин Тимур Төлегенұлы, бөлімше меңгерушісі, жоғары біліктілік санатындағы травматолог-ортопед дәрігер,

Раймағамбетов Ерік Қанатұлы, бөлімше меңгерушісі,

Республикалық артроскопия және спорттық жарақат орталығының басшысы,  ортопед — травматолог дәрігер,

Байдарбеков Мұрат Өмірханұлы, бөлімше меңгерушісі,  нейрохирург дәрігер, м. ғ. к.,

Қазыбеков Адай Жарылқасынұлы, консультациялық-диагностикалық бөлімшенің меңгерушісі, травматолог-ортопед дәрігер.

Қабылдау күні өзіңізбен бірге міндетті түрде жеке куәлік және функционалдық диагностиканың медициналық қорытындылары болуы керек. Алдын ала жазылу үшін Call-center бірыңғай телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: 8 (7172) 640-960, 87786406699, жұмыс күндері сағат 08:00 — ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі-демалыс күндері.

 

Добавить комментарий