Астанада православтарға Крещение мерекесіне орай суға түсуге арналған орындар анықталды
«Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзеңінің оң жағалауындағы, М. Өтемісова атындағы Оқушылар сарайы ауданында, «Гранд Алатау» ТК және сол жағалаудағы «Астана» саябағының жағалауында (Амфитеатр мен Regis Astana қонақ үйінің жанында) орнатылады», — деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Крещение мерекесі Астана қаласының барлық православие шіркеулерінде өтеді, олар: Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).
Шомылатын орындар 18 қаңтар сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар 02:00-ге дейін қолжетімді болады. Сондай-ақ, жаппай шомылу19 қаңтар таңғы 8:00-ден 20 қаңтар сағат 02:00-ге дейін жалғасады.
Діни рәсім барысында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметі және полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«Егер шомылу кезінде денсаулығыңыздың нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнында кезекші дәрігерлерге хабарласуға кеңес береміз», — делінген ақпаратта.