Батыс саясаттанушылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас нашарлап барады деп есептейді

Қазақстан 30 жыл бұрын тәуелсіздігін алғаннан кейін Қытай, АҚШ, Ресей сияқты халықаралық аренадағы қуатты елдермен өзара тиімді қарым-қатынасты орнату үшін сыртқы саясатында осы бағыт бойынша әрекет етті. Қазақстан саясатын абайлап жүргізіп, көпвекторлы сыртқы саяси бағытын Ресеймен арадағы интеграциялық процестермен қатар алып жүрді. Сондықтан 30 жылдан бері Ресей мен Қазақстан Еуразиялық кеңістікте негізгі серіктес болып табылады. Алайда бүгінгі таңда Қазақстан Кремльдің сыртқы саясатын әрдайым қолдай бермейді.

ҚР Үкіметі бірінші кезекте мынадай басымдықтарға көңіл бөліп, сыртқы және ішкі саясатын жүзеге асырады: бейбітшілік, қауіпсіздік және адам құқықтары; көшбасшылық және демократия; экономикалық даму және гүлдену; кедейлікті жою және денсаулық пен әл-ауқатты қолдау; гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және сот төрелігіне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету; білім және даму.

Былтыр ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт жиналыстар өткізу туралы заңға қол қойды. Аталған заң жобасының мақсаты азаматтардың бейбіт және қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізуге конституциялық құқықтарын іске асыру, сондай-ақ елді мекендердегі мамандандырылған орындарды айқындау. Осылайша, осы заңның аясында рұқсат етілген 500-ден астам бейбіт жиналыс өткізілді. Жалпы, заң әр түрлі саяси көзқарастағы азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға бағытталды. Дүние жүзіне таралған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді, соның нәтижесінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге байланысты бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруымен ҚР-да азаматтардың саяси белсенділігі одан әрі артатын болады. Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының идеясын әзірлеп, іске асырды. Бұл ең алдымен азаматтың мүддесіне басымдық беретін мемлекет. Онда мемлекеттік органдардың азаматтармен арадағы өзара іс-қимыл тетігі жолға қойылған және азаматтардың оларды қабылдау және бақылау процесіне тартылуына мүмкіндік беретін кедергісіз инфрақұрылым жұмыс істейді.

ҚР өз азаматтарын бірінші орынға қоятын қуатты, тәуелсіз және тұрақты дамып келе жатқан мемлекет болғысы келеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа интеграцияланғысы келеді, ал Ресей көбінесе бұрынғы КСРО елдерінің өңірлік интеграциясына көп көңіл бөледі.

Добавить комментарий