Астана әкімдігі биыл елордада аағаштар, бұталар, көшеттер қоса алғанда, миллиондаған жасыл желек отырғызуды жоспарлап отырғанын жариялады.
Жаңа отырғызылған ағаштардың жартысы қаланың орталық бөлігін сәндеп тұрады, ал тағы да 500 мың жасыл желек елорданың «жасыл белдеуіне» отырғызылады.
Жапырақты ағаштарға басымдық беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Астанада көктемгі ағаш отырғызу және «Жасыл Астана» экологиялық айлығы басталды.
Осылайша Абылай хан даңғылы, Қажымұқан, Петров, Болекпаев, А-105, Балталы, Алаш тас жолы және т.б. көшелерінің бойында ағаштар отырғызылды. Астананың барлық аудандарында ағаштар отырғызылады деп жоспарлануда.
Әкімдік өкілдері қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартуға, қала тұрғындары үшін демалыс орындарын ашуға, елорданың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Соңғы бес жылда Астанада 2,6 миллионнан астам жасыл желек отырғызылды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Экологиялық айлық аясында еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының күшімен полигонға 555 тоннадан астам қалдық шығарылды, саябақтар мен скверлерде жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден астам аумақ жиналды.