Қазақстанда ҰБТ өткізу ережелері өзгерді

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу ережесі өзгерді, Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді.

Анықтама! Аталған бұйрық «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» деп аталады.

ҰБТ өткізу мерзімі өзгерді, алып кіруге тыйым салынған заттар мен құрылғылардың тізімі кеңейтілді, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға ҰБТ тапсыру уақыты бойынша өзгерістер енгізілді.

БҒМ бұйрығының толық мәтіні Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастырылған.

Добавить комментарий