Астанада дүкендердің азық-түлікті үстеме бағамен сатудың 2300-ге жуық жағдайы анықталды.
Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев хабарлады: «Жыл басынан бері біздің мониторинг топтары 500-ге жуық дүкенді тексеріп шықты, оның ішінде 198 дүкен тауарды үстеме бағамен сатқан. Сауда туралы Заң бар, ол бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарларға үстемеақы 15%-дан аспауы керек».
Бұл туралы Ерлан Бекмырзаев сарапшылар мен кәсіпкерлермен кездесуде айтты.
Ол көптеген сауда желілермен белгіленген бағадан асырмау туралы меморандум жасасқанын еске салды.
«Өкінішке орай, бүгінгі таңда меморандумға қаланың барлық сауда желілеріне қол қойған жоқ. Біз барлық тауарлар туралы айтып отырған жоқпыз, тек әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 позициясына қатысты. Сондықтан, шағын бизнесті, үй жанындағы дүкендер әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаны тежеп, бағаны қолдан өсірмеуге шақырамыз», — деді Е.Бекмырзаев.