Қазақстанда АҚШ доллары қымбаттады

Әлемдік нарықта мұнай бағасының құлдырауына байланысты АҚШ доллары қымбаттауы мүмкін.

Бір тәулікте биржада доллар бағамы 1,53 теңгеге қымбаттады.

28 қазанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша америкалық валюта 427,57 теңгеден саудаланды.

Бір тәулікте доллар 1,53 теңгеге, бір айда 3,65 теңгеге қымбаттады. Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларды 425,5 теңгеден сатып алып, 427 теңгеден сатып жатыр.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша рубльдің бағамы 6,057 теңгені (0,06 теңгеге арзандады) құрады.

28 қазанда желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы ICE биржасында 0,7%-ға төмендеп, барреліне 83,97 долларды құрады.

Мұнай бағасы өткен аптада АҚШ-тағы отын қорларының өскені туралы деректерге байланысты арзандауда, деп хабарлайды «Финмаркет». АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры бір аптада 4,27 млн баррельге — 430,81 млн баррельге дейін ұлғайды. S&P Global Platts сауалнамасында сарапшылар мұнай 100 мың баррельге қысқарады деп болжаған. Сонымен қатар, Иран ядролық бағдарлама туралы келіссөздерді жақын арада жанданыру ықтимал деген жаңалықтар нарыққа қысым жасады.

Добавить комментарий