Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қазақстандық мектептердің гибридтік оқу нысанына көшуге техникалық дайындығы туралы айтып берді.
«Мереке қарсаңында таратылған компьютер саны 434 мың болды. Ертеңге дейін (кеше, бүгін тағы да қосымша компьютерлер берілуі тиіс еді) балаларға жалпы саны 500 мың компьютер тарату міндеті тұр. Бұл өте үлкен жұмыс, бұл өте көп сан»,- деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы № 73 мектеп-лицейге барған кезде.
«Сонымен қатар, 11 сынып оқушылары үшін жаңа оқулықтар ұйымдастырылды. Жалпы оқулықтар бойынша әріптестеріміз, білім басқармалары, педагогтар, мектеп директорлары үлкен жұмыс атқарды. Демалыс уақытына қарамастан, мұғалімдер де біз сияқты еңбек етіп, дайындалып, алаңдаушылық танытты «, — деп толықтырды министр.
Оның айтуынша, мектептер жұмыс істеуге дайын. «Өздеріңіз көріп отырғандай, біз қандай да бір есептік деректерге, дайын ақпаратқа қағаз жүзінде қарап қана қоймаймыз. Біз шығамыз, өзіміз қараймыз. Бізде сапаны қамтамасыз ету бойынша департаменттер бар, олар да шығып, қарап жатыр. Біздің саяси партияларымыз бен қоғамдық бірлестіктеріміз белсенді қатысуда. Жалпы мониторинг жүргізіліп, мектептер тиісті жағдайларды қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жүргізді. Осы мектептен кейін тағы бірнеше мектепке барамын.
Біздің міндетіміз қандай да бір дайындалған заттарды көру емес, әріптестерімізбен әңгімелесу, қандай қиындықтар бар екенін, немен көмектесу керектігін, біздің заң актілеріне енгізген өзгерістердің қаншалықты қабылданып, түсінілетінін білу «, — деп атап өтті БҒМ басшысы. А. Аймағамбетов педагогтардың дайындығын көру үшін мектептерге баратынын атап өтті.
«Мен мектептерге барған кезде, мен қабырғаларды көру немесе санитайзерлердің бар-жоғын тексеру үшін жасамаймын, өйткені, барлығы да соларды жасайды. Ең бастысы — педагогтардың қаншалықты дайын екендігін білу, олардың көңіл-күйі, бағалаудың барлық жүйесін түсіну және т.б. Бүгінде біз біздің педагогтарымыздың жаңа жағдайда жұмысқа жалпы дайын екендігін көріп отырмыз «, — деп түйіндеді министр.