Ашаршылық қалай басталады: Маңғыстау облысында жұт болып жатыр

Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан жаппай мал өлімі тіркелді, жергілікті тұрғындар осы жылы қандай проблемаға тап болғанын айтты.

«Облыстың бірнеше ауылында жылқы қырылып кету алдында тұр. Биыл далада жаңбыр жоқ, жайылым кеуіп кетті, жем жетіспегеннен жылқыларға берер азық жоқ. Қазіргі таңда мал шаруашылығының ахуалы мәз емес. Қыр үсті босып жүрген бір шаруа, жайылымға жақсы жер, құдық іздеп шаңытып жүрген көліктер. Жақында Ақшымырау шпруалар жылқы малдарын қырға алып шықты. Үш төрт күн жүріп әрең жетті. Келгенше үш-төрт ірі қарасы өлді», — деп хабарлады әлеуметтік желіде Бердімұрат Төрекенов.

Қазақстандықтардың пікірінше, билік ауыл шаруашылығындағы жағдайдың ушығуына жол бермеу керек және жергілікті фермерлерге жем-шөп пен сумен қамтамасыз ету үшін өңірдің проблемалары туралы ашық мәлімдеуі қажет. Кейбіреулер Маңғыстау облысындағы жағдайды жұт деп атады.

Маңғыстау облысының әкімдігі ауыр жағдайды растады.

«Мәселені шешу үшін облыс әкімінің тапсырмасы бойынша шаруа қожалықтарына жем дайындау науқаны шұғыл басталды. «Каспий» ӘКК арқылы еліміздің басқа өңірлерінен мал азығын сатып алуға фермерлер үшін қажетті қаражат бөлінді. Жұмыс тобы құрылды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарымен жем-шөп жеткізу, жайылымдар мен шабындықтарды пайдалану жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Добавить комментарий