Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматыға келді

Алматыға еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы ЖЭО-2 барып, электр станциясын жаңғырту және газға көшіру тұжырымдамасымен танысты.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Премьер-Министрге ҚР-да экологиялық туризмді дамыту жобалары таныстырылды.

А. Мамин Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) және қаланың басқа да көлік және тұрғын үй инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысымен танысты, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне — «Halyk Arena»-дағы инфекциялық стационарына, ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған “MEIIRIM” оңалту орталығына және Ш.Уәлиханов атындағы мектепке барды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 айда Алматыда өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі 3,2%-ға 712,2 млрд теңгеге дейін, негізгі капиталға салынған инвестициялар — 12,5%-ға 608,2 млрд теңгеге дейін, құрылыс жұмыстарының көлемі — 6,9%-ға (248,5 млрд теңге), пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы — 8%-ға (1,47 млн шаршы метрден астам) өсті.

 

 

 

Добавить комментарий