Қазақстан Үкіметі әр өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты коммуналдық қызмет тарифтері біртіндеп өсетінін мәлімдеді.
Электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің тозуын азайту мақсатында «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидатына көшу жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда тарифтерді өзгертудің барлық құқықтық негіздері қалыптастырылды. Бұл ретте, олардың өсімі өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңімен орын алатын болады.
Сонымен қатар барлық тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтердің әділ құнын қамтамасыз ету мақсатында тұтынудың әлеуметтік нормасын енгізу тетіктері әзірленетін болады.