Қаржы пирамидасының басшысы бес жылға бас бостандығынан айырылды

Қазақстандықтарды 91 млн теңге жымқырған әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Қызылордада 152 адамды алдап соқан алаяқ әйел сотталды.

Хабарланғандай, бұрын сотты болған, жұмыссыз 39 жастағы алаяқ WhatsApp-та қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жолмен 91 миллион 496 мың теңге жымқырған.

«Ол алаяқтықпен 2019 жылдың тамызында бастаған. Сол кезде ол WhatsApp желісінде «Ай-шуақ» тобын ашу арқылы аталған қаржылық (инвестициялық) пирамиданы басқарған. Топқа қосылған алғашқы қатысушылар алғашқы салымдарын салып, 40 пайыз үстемесімен өз қаражаттарын қайтарып алып отырғаны белгілі болды Жалпы айналым 1 миллиард 695 миллион 538 мың теңгені құрады. Уақыт өте келе артынан кірген қатысушыларға көп ақша уәде беріп, көзден таса болған», — деп хабарлайды медиа орталық.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша жүргізілді (Қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және оған аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарту арқылы басшылық ету).

Қызылорда қалалық сотының шешімімен айыпталушы бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий