Ақын Арон Атабеков (Едігеевке) айықпас ауруға шалдыққанына байланысты бас бостандығынан айыру жазасы жеңілдетілді. «2021 жылдың 01 қазанында Павлодар қ. №2 сотымен «АП-162/1 мекемесі» РММ-нің Арон Едигеевке қатысты, оның науқастануына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаның түріне ауыстыру туралы ұсынысы қаралды» .
Сотталушы келесі емделмейтін аурумен ауырады: «М50.0. Омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен зақымдалуы (G99.2). М50.1. Жұлынның мойын бөлімі деңгейіндегі дегенеративті — демиелинизирлеуші ауруы және т.б. Осы ауру Қазақстан Республиасының Ішкі Істер Министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы №530 бұйрығымен бекітілген науқастануына байланысты жазасын өтеуден босатудың негізі болып табылатын сотталғандардың аурулар тізбесіне кіреді. Заң талаптарына сәйкес, (ҚК-тің 75 бабының 2 бөлігі), өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн», — деп хабарлады жұма күні № 2 соттың баспасөз қызметі.