РФ-да тасжолда қазақстандық автобус аударылып кетті

Алтай өңірінде 54 жолаушы отырған автобус аударылып кетті.
Хабарланғандай, Қарағандыдан Новосібірге бет алған автобус жолдан шығып кеткен.

9 қаңтарда РФ Алтай өлкесінің Панкрушиха ауданында Қарағандыдан Новосібірге бара жатқан рейстік автобус аударылып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Салонда 54 жолаушы болды, олардың арасында бала бар.

«Рейстік жолаушылар автобусының жүргізушісі жолдан шығып кетіп, оң жаққа аударылып кетті. Алдын ала ақпарат бойынша барлық жолаушылар — Қазақстан азаматтары», — делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомстводағылар хабарлағандай, қаза тапқандар жоқ, бес жолаушыға сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Бір адам миы шайқалған болуы мүмкін деген күдікпен Каменск ауданаралық ауруханасына тексеруге жіберілді.

Ресейлік құтқарушылар жолаушыларды Панкрушиха ауылындағы жылыту пунктіне жедел эвакуациялауға көмектесті.

Добавить комментарий