Армения Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян Ресейден жеткізілім мәселесіне туындаған қиындықтарға байланысты қару сатып алудың альтернативті нұсқаларын іздеу қажеттігін мәлімдеді. Армения Қоғамдық телеарнасында сөйлеген сөзінде ол қару-жарақ сатып алуға қатысты түрлі елдермен қарқынды келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Біз көптеген елдермен қару сатып алу бойынша ықтимал мәмілелер туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер бізде проблемалар туындаса, онда Ресейден жеткізілімдерге қатысты проблемалар шешілгенге дейін альтернативті шешімдер іздейміз. Ресейдің Украинамен соғысып жатқанын екенін және олардың қару-жарақты экспорттау мүмкіндіктері шектеулі екенін түсінеміз», — деп түсіндірді Григорян.
Ол сондай-ақ алдағы аптада Минскіге жұмыс сапары аясында ресейлік тараппен қару жеткізу мәселесін талқылауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Армения Ресейдің шектеулі мүмкіндіктері жағдайында өзінің қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шешімдер табуға ұмтылады.