АҚШ: 6 сынып оқушысы мектепте оқ жаудырды

Шетелдік БАҚ АҚШ-тың Рига шағын қалашығындағы мектепте атыс болғанын хабарлады. Айдахо штатында орта мектептің 6-сынып оқушысы мектепке тапанша алып кіріп, оқ жаудырып, екі оқушы мен күзетшіні жарақаттады.

Мұғалімдердің бірі қыздың қаруын алып, полиция келгенше ұстап тұрды.

Хабарланғандай, жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Зардап шеккен екі бала жұма күні ауруханадан шығарылуы мүмкін, мектеп күзетшісі ем-домын алып, ауруханадан шықты.

Джефферсон округінің шерифі Стив Андерсон: «оқушы қыз рюкзактан тапаншасын алып шығып, Ригби қаласындағы мектептің ішінде және тыс жерлерде бірнеше оқ атқан» деді.

Оқушылар мен мектеп қызметкерлері атылған оқтың дауысын естігеннен кейін, таңғы сағат 09:15-те полицияға атыс туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген құқық қорғау қызметкерлері оқушыларды жақын маңдағы мектепке эвакуациялады, сол жерден олардың ата-аналары алып кете алды.

«Бізде болған оқиғаға не себеп болғаны туралы егжей-тегжейлі мәлімет жоқ, барлық нұсқалар қарастырылуда», — деді шериф.

Штат билігінің өкілдері баспасөз мәслихатында қыздың тапаншаны қайдан алғаны мен неліктен осындай қадамға барғанын тергеп жатқанын хабарлады. Егжей-тегжейлі ақпарат хабарланбады.

Оқушылардың біріне ота жасалуы мүмкін.

«Бақытымызға орай, зардап шеккендер ауыр жарақат алмады», — деді Шығыс Айдахо өңірлік медициналық орталығының травматологиялық бөлімінің директоры доктор Лемон.

Оқушыларға отбасыларымен бірге уақыт өткізу үшін округтегі мектептері жабылады, деді билік өкілдері

Добавить комментарий