Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының бұрынғы орынбасары ақша жымқырып, пара беруге итермелегені үшін сотталды.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Бекзат Төлегеновке қатысты үкім шығарды. Шенеунік қаражатты жымқырды деп айыпталды, деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
Тергеу барысында Бекзат Тілегенов ЖШС басшыларына тиесілі 100 млн теңгені алаяқтық жолымен иемденгені анықтады. Шенеунік қаражатты жымқырғаны үшін қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
«Сондай-ақ, Тілегенов ЖШС басшыларын прокуратураның, Мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің лауазымды тұлғалары арқылы мәселені шешемін деп, ЖШС-не қатысты экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы істі тоқтату және Мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын кері қайтару үшін пара беруге итермеледі», — деп нақтылады Антикор.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.