ЕО «Вагнер» ЖӘК-ге қарсы санкция салды

Еуроодақ «Вагнер» жеке әскери компаниясына қарсы санкция салғанын мәлімдеді.

ЕО СІМ басшысы дүйсенбі күні Брюссельде өткен кездесуде «Вагнер» жеке әскери компаниясына және осы елдегі биліктің демократиялық жолмен берілуіне кедергі келтіргені үшін Малиге қарсы санкция салатыны туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ашық ақпарат көздері хабарлайды.

«Вагнер» тобының төрт заңды және сегіз жеке тұлғаға қарсы санкция талқылаусыз бекітілді. Сондай-ақ, Малиде биліктің демократиялық жолмен берілуіне кедергі келтіргендерге қатысты санкция салу туралы шешім шығарылды. Ол ЕО ресми журналында жарияланғаннан кейін бір күн ішінде күшіне енеді», — деп хабарлайды ресейлік БАҚ Брюссельдегі дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасап.

Добавить комментарий