Қара теңіздегі ахуал халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудыруда. Ресей әскери-теңіз флоты теңіздің солтүстік-батыс бөлігінде жауынгерлік атыс жүргізіп, оқу-жаттығу өткізді, оның барысында белгілі бір аудандарда кемелерді ұстау және жою бойынша іс-қимылдар пысықталды.
Мәскеу Украина порттарына кіретін немесе ол жерден шығатын кез келген кеме потенцалды әскери нысан ретінде қарастырылатыны туралы мәлімдемеден кейін оқу-жаттығу өткізіліп жатыр.
Жүк тасымалдайтын кемелердің өтуін қамтамасыз ететін астық мәмілесінің аяқталуына байланысты блокада енгізу қаупі туындады. Ресейліктердің қоқан-лоқысына жауап ретінде Киев теңіз экспортын жалғастыруға дайын екенін мәлімдеп, Қара теңізде халықаралық патрульдеуді талап етті.
Алайда шиеленіс басылмауда. Украина Қорғаныс министрлігі 21 шілдеден бастап Қара теңіз арқылы Ресей порттарына баратын кемелерді әскери жүк тасымалдап барады деп қарастыратынын жариялады. Мұндай әрекеттер жағдайды ушықтырып, аймақтағы жағдайды бұлыңғыр етіп, бүкіл әлем бойынша алаңдаушылықты арттырады.