Ердоған Түркияның тәліптермен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін мәлімдеді

Ердоған Түркия бейбітшілікті сақтау үшін тәліптермен ынтымақтастық орнататынын мәлімдеді.

«Біз ауған халқы үшін бейбітшілікті сақтау үшін, осы елде тұратын түрік азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мемлекетіміздің мүддесін қорғау үшін қандай жағдай болмасын ынтымақтастық орнатуға дайынбыз», — деп сәрсенбі күні Anadolu агенттігі Түркия көшбасшысының сөзін келтіреді.

Тәліптер 15 тамызд Кабулды соғыссыз басып алып, бірнеше сағаттың ішінде ауған астанасына толық бақылау орнатты. Ауғанстан президенті Ашраф Гани қантөгіске жол бермеу үшін өз өкілеттігін тоқтатып, елден кеткенін хабарлады. Батыс елдері өз азаматтары мен елшіліктегі қызметкерлерін эвакуациялап жатыр.

Сейсенбі күні Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу еліміз «Талибанның хабарларламаларын жылы қабылдап жатқанын» және содырлармен қоса, барлық тараппен диалогты жалғастыратынын мәлімдеді.

Добавить комментарий