Қарағандылық бизнесмендер адамдарды көк және жасыл болып бөлінуіне қарсы болып, мемлекет белгілеген ереже бойынша демалыс күндері жұмыс істеуге келіспейтіндерін мәлімдеді.
Олар жаңа қаулыға қарсы, онда демалыс орындары мен сауда нысандарына «Ashyq» жүйесінде «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады делінген.
«Сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемейміз. Біз көк және жасыл болып бөлінуіне қарсымыз. Көк мәртебесі бар адамдар қауіпті де, жұқпалы емес. Олар белгілі бір себептерге байланысты екпе жасатқысы келмейді. Неге олардың құқығы мен бостандығы шектелуі керек?»- делінген әлеуметтік желілерде жарияланған үндеуде.
Аталған жазбада Қарағанды мен Теміртаудың кейбір кәсіпкерлері наразылық акциясын жариялағаны айтылған.
Өткен тәулікте Қарағанды облысында коронавирусты жұқытрған 750 адам тіркелді.
Еске сала кетейік, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантин режимін жеңілдету бойынша бірқатар шешім мақұлдады. Осылайша, «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына – «Ashyq» қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцина алғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат;