Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде

Бүгін Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр. Қала тұрғындарын тыныштықты сақтауға, полицияға хабарласпауға және әлеуметтік желіге ресми түрде расталмаған ақпаратты жарияламауға шақырады.

Оқу-жаттығу өтетін орын — Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандарының аумағы (Юбилейная көшесі, Складская көшесі, 075 есептік квартал).

Оқу-жаттығудың мақсаты — Қарағанды облыстық жедел штабының терроризмге қарсы күрес жөніндегі күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын тыныштық сақтап, дүрбелеңге салынбауды сұраймыз», — деп хабарлады Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

Добавить комментарий