Ауа райы болжамы: 2020 жыл 10 қыркүйек

Қазақстандық синоптиктер бүгін Қазақстанда ауа райының қандай болатыны туралы айтып берді.

Ел аумағының басым бөлігінде антициклон әсері болады.

Осыған байланысты жауын-шашынсыз, тек батыс және оңтүстікте атмосфералық фронталдық бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады, батыста найзағай ойнайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман сақталады, жел 15-20 м/с күшейеді, батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Қызылорда, күндіз Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде — бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде 1-3 градус, Қостанай облысында түнде топырақ бетінде 1-3 градус қырау түсуі күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Добавить комментарий