Қарағандыда 7 сәуірге дейін «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасы өндіріледі

Қазақстан өз халқын «Спутник V» вакцинасының жеткілікті көлемімен қамтамасыз ете алмауда. ҚР Президенті көрші елден көмек сұрады.

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің басшылығы өнімділіктің төмен болуының себебін хабарламады, алайда сәуірдің алғашқы күндері қазақстандық медициналық мекемелерге осы вакцинаның 150 мың дозасын жеткізуге дайын екенін хабарлады.

«Бүгінгі күні ҚФК вакцинаның 150 мың дозасын өндірді, бұл партияны жеткізу 2021 жылдың 7 сәуіріне дейін жүзеге асырылады», — деп хабарлады ресми Telegram-арнасында.

Қазақстан Республикасының аумағында «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник – V») вакцинасы тіркелген сәттен бастап, Қарағанды фармацевтикалық кешені (ҚФК) аталған вакцинаның 208 мың дозасы өндіріп жеткізді, оның ішінде вакцинаның бірінші компоненті – 115 мың доза, екінші компоненті – 93 мың доза.

Тоқаев Путиннен Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының қосымша партиясын жіберуді сұрады

Сонымен қатар, ҚФК ресейде өндірілген «Спутник – V» вакцинасының 52 мың дозасын жеткізуді жүзеге асырды.

Сондай-ақ, Қарағанды фармацевтикалық кешенінің әкімшілігі ағымдағы жылдың сәуір айында вакцина өндіріу көлемі бір миллион дозаға дейін ұлғайтылатынын хабарлады. Осылайша, ҚФК вакцина өндірісі бекітілген жоспарға сәйкес уақытылы жүргізіліп келеді.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы вакциналарды сатып алуға қанша қаражат жұмсады

Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі – The Lancet басылымы SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы «Спутник V» вакцинасының тиімділігі 91,6%-ды құрағанын хабарлады. Сонымен қатар, вакцина коронавирустың жаңа штамдарына, соның ішінде британдық және оңтүстік африкалық штамдарына қарсы жоғары тиімділігін көрсеткен.

Добавить комментарий