Қарағандыда теміржол вокзалының жанындағы алаңда 17 адам ұсталды. Ашық ақпарат көздерінің хабарлауынша, олардың бірінен қару тәркіленді.
«9 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды», — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан ізін суыту барысында қызметтік көлікті соғып кетті.
Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді.
Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.