Қарағанды тұрғыны байқамай біреудің көлігін мініп кеткен

Автокөлікті айдап әкетті деген күдікке қарағандылық полиция қызметкерлері тұтқындағанда таңғалған.

Белгілі болғандай, ол бөтен көлікті өзінікі деп шатастырған.

Машинаның маркасы мен түсі бірдей, сонымен қатар есіктегі құлып пен оталдыру кілті де бір-біріне келеді.

Қарағандыда 35 жастағы әйел аулада тұрған көлігін белгісіз беһіреу айдап кеткенін айтып полицияға шағымданған. 27 жастағы ер адам «ізі суымай» ұсталды.

Ол көлік ұрлады деп айыпталғанын білгенде қатты таңғалған. Көлік өзінікі екенін айтып, дәлел ретінде ол тиісті техникалық паспортын ұсынды.

Анықталғандай, ер адам шынымен де бөтен біреудің көлігін мініп кеткен. Екі көліктің маркасы мен түсі бірдей. Тіпті оталдыру кілті де бірдей. Тек мемлекеттік тіркеу нөмірі ғана басқаша болған. Ер адамның автокөлікті айдап әкету ниеті болмағандықтан, полицияда қылмыстық іс тоқтатылды.

Добавить комментарий