«12 маусым күні республикалық “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасының негізінде жүргізілген жедел-тергеу жұмыстары барысында есірткі заттарын өңірге жеткізіп сақтау, сондай-ақ тасымалдады деген күдікпен 34, 39 және 56 жас аралықтарындағы Жамбыл облысының үш азаматын қолға түсірді. Ұсталғандардан 6 миллион 435 мың теңге ақша, сегіз қапқа салынған өсімдік тектес зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның 198 келі кептірілген марихуана есірткі заты екені белгілі болды», — деді Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Бауыржан Миссалимов. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу жүргізіліп жатыр.