Ангела Меркель Францияға қоштасу сапарымен келді

Ангела Меркель саяси мансабының аяқталуына байланысты ресми сапармен Парижге келді.

Елдің шығысындағы Бон қаласының тұрғындары сәрсенбі күні кешке, президент Эмманюэль Макронның шақыруымен Францияға соңғы ресми сапармен келген Германияның канцлері Ангела Меркельді жылы қарсы алды. Елисей сарайында түсірілген бейнекадрларда Меркельді қарсы алуға жүздеген қала тұрғыны шыққаны көрінеді.

Француз көшбасшысының әкімшілігі Бургундия герцогтарының тарихи резиденциясы және бургунд шарабының астанасы — Бон қаласы Макронның бастамасымен соңғы кездесудің орны болып таңдалғанын айтты. Меркель 2005 жылдан бері Германия үкіметін басқарды, ол 16 жыл жұмыс істеген уақытта Францияда төрт рет президент ауысқан.

Француз тарапы неміс саясаткерінің қоштасу сапарына отбасылық кездесу сипатын берді, канцлерді жұбайы Иоахим Зауэр ертіп келді, ал француз президенті қонақтарды өзінің әйелі Брижитпен бірге қарсы алды. Agence France-Presse екі елдің көшбасшылары арасында қалыптасқан достық байланысты атап өтті. Франция Президенті маусым айында Германия астанасында коронавирус пандемиясыа байланысты енгізілген негізгі шектеу шаралары алынып тасталғаннан кейін шақырылған алғашқы шетелдік президент болды. Меркель қыркүйек айында жұмыс сапарымен Францияға Макронмен кездесу үшін келген.

Добавить комментарий