ЕО Сирияға қарсы санкцияларды жеңілдететінін жариялады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-48998-1677247259-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Еуроодақ жер сілкінісіне байланысты Сирияға қатысты санкцияларды жеңілдететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Le Figaro басылымы. Бұл 6 айға созылатын уақытша шара екені аталып өтті.

«Еуроодақ бейсенбі күні 6 ақпанда болған жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға көмек жеткізуді жеңілдету үшін аталған елге қарсы салынған санкцияларды уақытша жеңілдететінін жариялады», — делінген хабарламада.

Енді гуманитарлық ұйымдарға Еуроодақтың санкциясына ұшыраған компанияларға материалдар жіберу немесе қызмет көрсету үшін ЕО-дан алдын ала рұқсат алудың қажеті жоқ.

Еске сала кетейік! 2011 жылы Сирия үкіметі мен онымен байланысты компанияларға қатысты санкция салынған.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирия және Ресеймен бірге терроризмге қарсы күресетінін мәлімдеген болатын.

Бұған дейін ООБ басшысы Уильям Бернс Түркия Ұлттық барлау қызметінің жетекшісі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесу барысында Сирияның солтүстігіндегі әуе шабуылдары АҚШ әскерилеріне қауіп төндіргенін айтты.

Добавить комментарий