Андрей Чеботарев: «Ірі «қолма-қол» төлемдермен күресу жүргізу қажет

«Автокөлік немесе жылжымайтын мүлікті қолма-қол ақша арқылы сатып алуға тыйым салу ел тұрғындарының салық салынбайтын қаражатын «көлеңкеден» шығаруға мүмкіндік береді», — деп есептейді сарапшы Андрей Чеботарев.

«Осындай шара тауар-қызмет өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шағын ақша аударымдарын бақылауға тырысқаннан гөрі әлдеқайда тиімді болады», — деп толықтырды А. Чеботарев.

Өткен айда Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смайылов кәсіпкерлердің қызметіне салық салуды, ұялы аударымдар бойынша да салықтарды толыққанды қамту қажеттігін мәлімдеді.

Ал жақында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын ұялы аударымдарды фискализациялау салықтың жаңа түрі емес, тек табыстың оң көрінісі болып табылатынын айтқан болатын. Жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға да салық салынбайды, деп атап өтті ол.

Оның үстіне, министр жеке мақсаттарда және кәсіпкерлік қызметте қолданылатын ұялы аударымдарды бөлу тетіктері әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстандағы Exante инвестициялық компаниясының талдаушысы Андрей Чеботарев ақша аударымдарына салық салу идеясын іске асыру оңай болмайды деп санайды. А Аударым кімге және нендей мақсатта жасалғанын – досының қарызын қайтару үшін бе, әлде жеке кәсіпкерге қандай-да бір қызмет немесе өнім үшін төлем жасау мақсатында ма, ол жағын ажырату қиын.

«Жеке тұлғалар мен ЖК-де ЖСН бірдей. Жеке тұлғаны заңды тұлғаларға теңестіру әрекеті өте таңқаларлық. Менің ойымша, мұның бәрі іске асырылуы қиын және кәсіпкерді адал әрі «ашық» жұмыс істеуге итермелейтін ауызша интервенцияларға бағытталған», — деп сендіреді сарапшы.

Андрей Чеботарев атап өткендей, бұл бастама 2019 жылы өзекті және қандай да бір мәнге ие болды. Дәл осы кезеңде ақша аударымдары арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алуда дүрбелең байқалды.

«Алайда, содан бері жағдай айтарлықтай өзгерді: төлем терминалдары пайда болды, QR-кодтар арқылы терминалды пайдаланбай төлем жасау қолжетімді болды. Қазір біздің цифрлық банкингіміз Қытай жолымен жүріп өтуде. Мысалы, онда төлем арнайы қосымша арқылы оңай жүргізіледі. Тұтынушы кімге төлейтінін ойланып жатпайды. Оған тек QR-кодты ғана көрсетеді, ал жүйенің өзі ақшаның кімге түсетіндігін өзі анықтайды: жеке тұлғаға ма, әлде кәсіпкерге ме.

Егер ақшаны кәсіпкер алатын болса, онда аударым есеп айырысу шотына жіберіледі. Яғни, жүйе дамып келеді, сондықтан төлемнің орнына физикалық аударымдардың басым болатындығы туралы айту орынсыз», — деп есептейді ол.

Сонымен қатар, сарапшы физикалық аударымдардың орнына төлем жүйесін таңдау сатып алушы үшін түрлі бонустар — кэшбэктер жақсы ынталандырылатынын атап өтті. Сатып алушы тауарды ақша аударымымен емес, QR-код немесе банк картасы арқылы төлеуді жөн көре алады. Бұл үшін ол қосымша пайыз алады.

«Аударма арқылы төлейтін адамдар азайды. Көпшілігі терминалдар арқылы төлеуді жөн көреді, себебі олар кэшбек алады. Банктер терминалдарды арзанырақ етуде, ұялы терминалдар пайда болуда. Үдеріс табиғи жолмен жүріп, ұялы аударымдардың азаюда. Бірақ әзірге кәсіпкерге де, сатып алушыға да қолайлы болу мәселесі тұр», — деп түсіндіреді Чеботарев.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтар енді «қолма-қол» ақшаға оралуға дайын емес екенін атап өтті. Ол жүргізген кішігірім эксперимент тәжірибесімен бөлісті, ол арзан өнімді мың теңгелік купюрамен төлеп көрмек болған. Бірақ кәсіпкерлердің өздері қолма-қол ақшадан бас тартып, оларға картамен төлем жасауды, тіпті артық ақшаны қайтару үшін тиындарды іздеп отырмау үшін «кейінірек төлеуді» ұсынды.

Кәсіпкерлердің салыққа қатысты қорқынышына келетін болсақ, ол тіпті жаңа салықтың түрі болып табылмайтынына қарамастан, сарапшының пікірінше, кәсіпкерлер қосымша қиындықтардың туындағанын қаламайды, сондай-ақ эквайринг үшін комиссия төлегісі келмейді, бұл әр түрлі банк үшін 1,5-нан 2,5-3%-ға дейінгі аралықты құрайды.

Сарапшы ұялы аударымдармен күресу керек емес екеніне сенімді. Көлеңкеден үлкен соманы шығару керек. Мысалы, машинаны немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін қолма-қол ақшамен төлеуге тыйым салу қажет.

«Президент бұл туралы бірнеше рет айтқан болатын — кәсіпкерлерді қорқытып, аударымдармен күресудің орнына, пәтер мен көліктерді қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салу керек. Сонда кімнің ақшасы қай жерден келгені тез анықталатын болады, өйткені бүкіл өркениетті әлемде қымбат заттарды, тауарлар мен қызметтерді қолма-қол ақшамен сатып алуға тыйым салынған. Егер сіз пәтер сатып алу үшін қолма-қол 30-50 миллион теңге алып келсеңіз, ешкім сізден мұндай ақшаны қайдан алдыңыз деп сұрамайды, егер сіз банкке әкелсеңіз, сіз оны қайдан алдыңыз деп сұрау мүмкіндігі бар. Бұл көптеген мәселелердің «көлеңкеден шығуына» драйвер ретінде қызмет ететін болады, ал үйдегі нан, сүт және айран үшін жеке аударымдармен күрестің пайдасы жоқ», — деп түйіндеді спикер.

Добавить комментарий