Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қонқабаев пен АҚШ елінен келген қарсыласы кіші Ричард Торреспен болған жекпе-жек аяқталды.
Екінші раундта америкалық боксшы кіші Ричард Торрес Қамшыбек Қоңқабаевты нокдаунға түсірді.
Қазақстандық боксшы, Қазақстан Олимпиада құрамасының ту ұстаушысы Қамшыбек Қоңқабаев Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жартылай финалында қарсыласына жол берді.
91 келіден астам салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда америкалық кіші Ричард Торреспен кездесті.
«Қарсылас отандасымызға жиі шабуыл жасап, өте белсенді жекпе-жек өткізді. Екінші раундта Қамшыбек Қонқабаев нокдаунға түсті. Жарақат алуына байланысты жекпе-жек тоқтатылды. Нәтижесінде ол үшінші орынға тұрақтады», — деп жазады портал.
ҚР бокс федерациясының директоры спортшыларымыздың сәтсіздігіне қарсыластарын кінәлаған.
«Біздің спортшылар таза боксқа үйренген, мұнда ол төбелес сияқты өтіп жатыр», — деді ол.
«Тырысып жатыр, бірақ соққы өткізіп алуда». Бокстан ҚР құрамасының бас бапкері шәкіртерінің Токиодағы сәтсіздігіне түсініктеме берді.
Бұл Қазақстан олимпиадалық құрамасының қоржынындағы төртінші медаль. Олардың барлығы қола. Бұған дейін қазақстандық ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло Олимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын. Сонымен қатар, дзюдошы Елдос Сметов та осы медальді жеңіп алған.