Newsweek басылымының тапсырмасы бойынша Redfield & Wilton Strategies компаниясы жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша, америкалықтардың шамамен үштен бірі АҚШ әскерлерін Украинаға жіберуді қолдайды.
1500 адам қатысқан зерттеуде осы мәселе бойынша азаматтардың түрлі пікірлері айтылды.
Сарапшылардың айтуынша, сауалнамаға қатысушылардың 31 пайызы АҚШ-тың Украинадағы әскери операция идеясын жақтады немесе батыл түрде қолдады. Сонымен қатар, респонденттердің төрттен бірі қолдау білдірген жоқ, бірақ мұндай сценарийге қарсылық білдірген жоқ. Сұралғандардың 34 пайызы АҚШ әскерлерінің қақтығысқа қатысуына қарсы болды.
Бір қызығы, сауалнамаға қатысқан он адамның біреуі аталған мәселеге қатысты пікірі жоқ екенін мойындап, осы сұраққа жауап беруде қиналды
Дегенмен, зерттеу нәтижелері түрлі реакциялар туғызды және Newsweek журналистері Пентагон әзірге зерттеу нәтижесіне қатысты қатысты түсініктеме беруден бас тартқанын айтты.