АҚШ-та Бахмуттың ықтимал басып алынуына қатысты пікір білдірді

АҚШ қорғаныс министрлігі басшысының пікірінше, Бахмуттың басып алынуы Ресейдің соғыс барысын өзгерткенін білдірмейді.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин дүйсенбі күні Бахмут қаласының басып алынуы Мәскеудің әскери күш-жігерін қайта жандандырғанын білдірмейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы ол Иорданияға сапары кезінде айтты, деп хабарлайды Reuters басылымы.

«Менің ойымша, бұл стратегиялық және операциялық емес, символдық мәнге ие», — деді Остин журналистерге және ресейлік әскерлер Бахмутты жаулап алатынына немесе қашан басып алатынына болжам жасамайтынын айтты.

«Бахмуттың басып алынуы ресейліктердің соғыстың барысын өзгерткенін білдірмейді», — деді Остин.

Еске салайық, Аустрия Қарулы Күштерінің генерал-майоры Бруно Гофбауэр Бахмут қаласы жақын арада басып алынбайтынын айтқан.

Британ барлау қызметі 4 наурызда Донбастағы Бахмут қаласында украиналықтарға қатты шабуыл жасалып жатқанын, қала мен оның маңында кескілескен шайқастар жүріп жатқанын хабарлады.

Добавить комментарий