Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралар туралы» жаңа қаулысы жарияланды
Қаулыға сәйкес, мектепке дейінгі мекемелерінде қосымша кезекші топтар ашу және қалалық мектептерде 1-ден 5-ші сыныпқа дейін қосымша кезекші сыныптар ашу тоқтатылды.
Сауда объектілерінің (сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда желілері, сауда үйлері) жұмыс, демалыс және мереке күндері кемінде 30%-ды және бір келушіге 4 ш.м. толтырылуымен, сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді, бұл ретте бөлек тұрған және аталған сауда объектілерінде орналасқан азық-түлік объектілері мен дәріханалар жұмыстарына уақытпен шектелмейді. Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 17:00-ге дейін бір келушіге 30%-дан аспайтын және кемінде 4 ш.м. толтырылуымен жұмысына рұқсат берілді.
Сондай-ақ үй жанындағы дүкендер мен дәріханалардың кіре берісте сауда залында бір келушіге 4 шаршы метрден аспайтын есеппен толтыру нормалары көрсетілген маңдайшалар орнату қажет;
Отырғызатын орындары жоқ, стационарлық емес, жанаспайтын сауда объектiлерiнiң (авто-экспресс, донерлiк және бургерлiк), сондай-ақ халыққа қызмет көрсететiн объектiлердiң (химиялық тазалау, киiмдi, аяқ киiмдi жөндеу) кызметiне рұқсат етілді;
Әрбiр сеанс кезiнде «Медеу» мұз айдынының бiр мезетте толтырылуы 750 адамнан және «Шымбұлақ» курортына келушiлер жобалық көрсеткiштiң 30%-ынан аспайтын, тестілеу режимінде белгiленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектiлерiнiң – «Медеу» спорттық-сауықтыру орталығының және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының жұмысы жалғасады
Сондай-ақ қаулыға сәйкес Алматы гарнизонының қолбасшылығы барлық әскери бөлімдерде қамтамасыз етсiн:
- сеніп тапсырылған әскери бөлiмшелерде инфекция ошақтарының алдын алуға және оқшаулауға бағытталған коронавирусық инфекция бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық iс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бақылау;
- қалалар мен облыстардың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерiне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бiрыңғай базасында есепке алу және эпидемияға қарсы және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру үшін ҚР өңірлерінде орналасқан бөлiмдерде КВИ жұқтырудың әрбiр жағдайы бойынша акпарат ұсыну;
Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг-орталықтары, балалар спорт және ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар, корттар және басқа да жабық үй-жайлардағы мекемелер), сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың қызметіне тыйым салынады;
Орналасқан жеріне қарамастан, фудкорттардың (жеткiзу қызметі мен оның уақытын шектемеуді), банкет және салтанат залдарының қызметіне тыйым салынады.
Сондай-ақ, коронавирустьң белсенді ошақтары бар көпқабатты тұрғын үйлердiң подъездерiнде профилактикалық дезинфекция қамтамасыз етiлсiн.
Осы қаулы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментiнiң сайтында жарияланған күннен бастап 3 күн өткен соң күшіне енеді.